Үкіметте Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

335

Бұл туралы Премьер-Министрдің баспасөз қызметі хабарлады. 

Үкіметте Цифрландыруды енгізу мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті Фото: Edunews.kz

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевтің баяндауынша:

Жыл басынан бері республикада Субсидиялаудың бірыңғай мемлекеттік ақпараттық жүйесі (СБМАЖ) іске қосылған, ол бұған дейін егіншілердің сынына ұшыраған осыған ұқсас жекеменшік платформаның орнына енгізіліп отыр.

Бүгінгі таңда СБМАЖ 1 млрд теңгеден астам соманы үнемдей отырып, барлық фермерлер үшін мемлекеттік субсидияларды тегін бөлуді қамтамасыз етуде.

Ашықтықты қамтамасыз ету үшін кезек беріліп, өтінімдердің бірыңғай тізілімі (күту парағы) енгізілді, сондай-ақ облыстар мен субсидиялар бойынша "жария бюджет" функциясы іске қосылды.

Сонымен қатар платформада арзандатылған дизель отынын алуға өтінімдер қабылданады.

Жалпы жартыжылдықтың қорытындысы бойынша СБМАЖ-ға 50 мыңнан астам адам тіркеліп, жүйе арқылы 88 мыңнан астам өтінім берілді және 112 млрд теңгеден астам қаражат төленді.

Премьер-Министр:

Ауыл шаруашылығы министрлігі платформаның функционалына қатысты "Атамекен" ҰКП-ның барлық ескертуін назарға алу керектігін;

облыс әкімдіктері уақытылы субсидиялар төлеп, фермерлермен бірге жыл соңына дейін "Қазақстан Ғарыш Сапары" порталында егіс алқаптарын цифрландыру қажеттігін;

жаңадан құрылған облыстардың әкімдіктеріне СБМАЖ жүйесінде фермерлер алдындағы міндеттемелерді қабылдау жөніндегі жұмысты шілде айының соңына дейін аяқтауды тапсырды.

Бағдат Мусиннің биылғы маусым айынан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында әзірленген "minerals.gov.kz" Жер қойнауын пайдаланушылардың бірыңғай платформасын пайдалануға беру туралы есебі тыңдалды.

Жер қойнауын пайдаланушылар жүйеде жеке кабинет ашып, пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге өтініш бере алады, сондай-ақ мемлекеттік органдардан түрлі хабарламалар алып отырады.

Платформа бойынша жұмыс жалғасуда.

Отырыс аясында Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйі туралы ұлттық деректер банкін құру мәселесі де қаралды. Экология министрлігінің басшысы Зүлфия Сүлейменова бүгінде пилоттық режимде қоршаған ортаға бөлінетін эмиссия мониторингінің автоматтандырылған жүйелерінен алынған деректерді, қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау полигондары мен бекеттері туралы мәліметтерді, атмосферадағы ауаның жай-күйін және т.б. жинақтайтын интерактивті карта іске қосылғанын баяндады.

Оны 2023 жылғы желтоқсанда тәжірибелік пайдалануға, ал 2024 жылдың бірінші жартыжылдығына өнеркәсіптік пайдалануға беру жоспарланған.

Әділет министрі Азамат Есқараев сәуір айында республиканың барлық өңірінде іске қосылған Мүлік иелері бірлестігін цифрландыру жобасы туралы айтып берді. Бүгінгі таңда оған 100-ге жуық үй қатысуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу