Үкіметте экономикалық даму мәселесі талқыланды

166

Премьер-министр Олжас Бектенов сарапшылармен өткізген кездесуде экономиканы дамыту жайын сөз етті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Үкіметте экономикалық даму мәселесі талқыланды Фото: Үкімет сайты

Экономистер әлем нарығындағы қазіргі ахуал туралы сараптамалық пікірлерімен бөлісті, сондай-ақ ұлттық экономикаға әсер ететін үрдістерді атап өтіп, экономикалық өсуді қамтамасыз ету бойынша алдағы жұмыстарға қатысты бірқатар ұсыныс білдірді.

Инвестиция, сауда және өңдеу өнеркәсібі салаларына назар аударылды. Сонымен қатар Үкіметтің тиімділікке баса назар аудара отырып, басымдық берілмеген шығыстарды оңтайландыру және қаражатты маңызды бағыттарға қайта бөлу жөніндегі қызметі қаралды.

Талқылау қорытындысы бойынша Премьер-министр Ұлттық экономика министрлігіне айтылған ұсыныстарды пысықтауды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу