Үкіметте экономиканы жаңғырту мәселелері жөнінде отырыс өтті

389

Жиында бірқатар өзекті мәселелер қаралды.

Үкіметте экономиканы жаңғырту мәселелері жөнінде отырыс өтті Фото: primeminister.kz

Үкіметте ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды  inbusiness.kz сайты.

Жиында Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асырудың, өнеркәсіпті, тау-кен металлургия кешенін және геологиялық барлауды дамытудың, сондай-ақ "Қазақтелеком" АҚ мобильді операторларының бірін бәсекелестік ортаға берудің өзекті мәселелері қаралды.

Орталық мемлекеттік органдар, "Самұрық-Қазына", "Қазақтелеком" және "Тау-Кен Самұрық" компаниялары басшыларының қатысуымен өткен талқылау қорытындысы бойынша Мемлекеттік комиссия бірқатар тиісті шешімдер қабылдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу