Үкіметте халықты көмірмен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды

549

Кеңеске орталық мемлекеттік органдардың, "Қазақстан темір жолы" және QazaqGaz ұлттық компанияларының, сондай-ақ ERG компаниясының басшылары қатысты. 

Үкіметте халықты көмірмен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды Фото: primeminister.kz

Үкіметте тау-кен металлургия кешені мен газ саласын дамыту шаралары қаралды, деп хабарлайды  inbusiness.kz

Кеңеске қатысушылар: перспективалы газ және газ конденсаты кен орындарын игеру; өнеркәсіптік кәсіпорындарды отынмен қамтамасыз ету шаралары; шикізатты тасымалдау үшін теміржол инфрақұрылымын дамыту және басқа да бірқатар өзекті мәселелерді қарады.

Сонымен қатар кеңесте қыс мезгілінде халықты көмірмен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды.

Премьер-Министр өткен жылыту маусымындағы тәжірибені ескере отырып, цифрлық шешімдерді пайдалану арқылы отынды сатудың ашық нарықтық механизмін әзірлеу қажеттігін айтты.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу