Үкіметте инвестициялық блоктың жұмысын күшейту жайы қаралды

374

Мұнда Үкіметтің инвестициялық блогының жұмысын күшейту жөніндегі ұсыныстар қаралды. 

 Үкіметте инвестициялық блоктың жұмысын күшейту жайы қаралды Фото: primeminister.kz

Отырысқа қатысушылар инвестициялық дауларды қарау процесін жеделдету, инвесторларды құқықтық қорғауды күшейту және мемлекеттік органдардың шарттық міндеттемелерді орындамау себептерін жою жөніндегі шараларды талқылады.

"Бұдан басқа өңірлерде инвестиция тартуды ынталандыру, салықтық және кедендік әкімшілендіруді жеңілдету, кәсіпкерлердің қаржы көздеріне қолжетімділігін кеңейту бойынша ұсыныстар қаралды. Отырыста инвесторлардың жобалар үшін техникалық шарттар мен жер учаскелерін алу кезінде кездесетін кедергілерді алып тастау бойынша ұсынымдар әзірленді. Атап айтқанда, бұл тәуекелдерді басқару жүйесін автоматтандыру және қолдану, сондай-ақ бағалау компанияларының жауапкершілігін арттыру арқылы рұқсат беру процесін цифрландыруға қатысты", - делінген Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Экономикалық саясат жөніндегі кеңес Үкіметтің инвестициялық блогын күшейту жөніндегі шаралардың жаңа пакетін пысықтауды тапсырды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу