Үкіметте "Қазақстан балалары" бірыңғай бағдарламасының тұжырымдамасы талқыланды

111

Құжат Мемлекет басшысының IV Ұлттық құрылтай қорытындысында берген тапсырмасы негізінде әзірленгенін Үкімет хабарлады.  

Үкіметте "Қазақстан балалары" бірыңғай бағдарламасының тұжырымдамасы талқыланды Фото: primeminister.kz

Премьер-министрдің орынбасары – ҚР Үкіметі Аппаратының басшысы Ғалымжан Қойшыбаевтың төрағалығымен Үкіметте 2026–2030 жылдарға арналған "Қазақстан балалары" бірыңғай бағдарламасының тұжырымдамасы қаралды, деп жазады inbusiness.kz сайты.  

Бағдарламаны Оқу-ағарту министрлігі Балалар құқықтары жөніндегі уәкілмен, Парламент депутаттары және азаматтық қоғам өкілдерімен бірлесіп дайындаған.

Тұжырымдама еліміздегі балалардың құқықтары мен әл-ауқатын қорғауға бағытталған барлық қолданыстағы және жоспарланып отырған шараларды біріктіруді көздейді. Бұл – өскелең ұрпақтың мүддесі үшін жүйелі, тұрақты әрі дәйекті мемлекеттік саясат қалыптастырудағы маңызды қадам.

– Жұмыс барысында мемлекеттік органдар балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға қатысты бағдарламалық, нормативтік және стратегиялық құжаттарға ревизия жүргізді. Бұл қайталанатын нормаларды анықтауға, сондай-ақ интеграция мен жетілдіруді қажет ететін бағыттарды айқындауға мүмкіндік берді, – делінген Үкіметтің хабарламасында.

Мәліметке сәйкес, "Қазақстан балалары" бағдарламасы елдегі әрбір баланың құқығы мен әл-ауқатын жүйелі қорғауды қамтамасыз ететін тұрақты мемлекеттік саясаттың негізіне айналмақ.

Кеңес қорытындысында жауапты мемлекеттік органдарға айтылған ұсыныстар мен ескертулерді ескере отырып, бағдарламаны жетілдіру жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу