Үкіметте көлік саласын дамыту бойынша кеңес өтті

215

Кеңес қорытындысы бойынша Премьер-министр бірқатар тапсырма берді.  

Үкіметте көлік саласын дамыту бойынша кеңес өтті Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының ұлттық жүк әуе компаниясын дамыту, сондай-ақ теңіз және теміржол тасымалдарын ұлғайту бойынша тапсырмаларын орындау мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жиында Көлік министрлігінің, "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ, "Қазақстан темір жолы" ҰК" және Turlov Private Holding жүк әуе компаниясының жұмысын ұйымдастыру және оның тұрақты дамуын қамтамасыз ету жөніндегі тәсілдері тыңдалды.

Транзиттік жүк хабы ретінде Қытай – Қазақстан – Батыс Еуропа бағыты бойынша қолайлы жағдай жасау үшін әуе кемелерін кезең-кезеңімен шығаруды, бәсекелестік құны бойынша авиаотынмен қамтамасыз етуді қоса алғанда, операциялық қызметті жедел іске қосу мәселелері қаралды. Ілеспе инфрақұрылымды дамытуға, оның ішінде әуежай қуатын, жүк терминалдарын, қойма логистикасына назар аударылады.

Сонымен қатар Орталық Азия өңірінен Кавказға және Батыс Еуропа елдеріне тасымалдау көлемін ұлғайту үшін қазақстандық "Ақтау" және "Құрық" теңіз порттарын тиеу шаралары талқыланды.

Теміржол саласы бойынша өткізу қабілетін арттыру, сондай-ақ тарифтік саясатты жетілдіру үшін инфрақұрылымды одан әрі жаңғырту және қазақстандық теміржол желісін дамыту жоспарлары айтылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу