Үкіметте жылыту маусымына дайындық барысы пысықталды

187

Өткен аптада 1 қазандық пен 3 турбинада жөндеу жұмыстары аяқталған.  

Үкіметте жылыту маусымына дайындық барысы пысықталды Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр осы аптадағы жағдай және жылыту кезеңіне қатысты бұрын берілген тапсырмалардың орындалуы туралы баяндады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Роман Склярдың айтуынша, мамандар жылыту маусымына дайындықтың соңғы сатысына келген.

Сонымен қатар 10 қосалқы станса мен 100 тарату пункті жөнделіп, 13 шақырым жылу желілері қайта жаңартылған. Жалпы, 6 энергоблок, 29 қазандық және 16 турбинаға және 293 шақырым жылу желілеріне жөндеу жұмыстары жүргізілген.

"Бірқатар өңірде жұмыстар әлі аяқталмаған. Кейбір облыстарда санаулы күннен кейін жылыту маусымы басталады, сондықтан, әкімдерге жөндеу жұмыстарының аяқталуын жеке бақылауға алуды тапсырамын. Орал, Степногорск, Аягөз және Сәтбаев қалаларында жылу беру мәселесін ерекше назарда ұстаңыздар", – деп тапсырды Премьер-министр Олжас Бектенов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу