Үкіметтік емес ұйымдар енді 3 жыл бойы қаржыландырылады

1055

Үкіметтік емес ұйымдар енді 3 жыл бойы қаржыландырылады

Алматы облысында үкіметтік емес ұйымдар ұсынған жобалар бұрынғыдай 1 жыл емес, енді 3 жыл бойы қаржыландырылатын болады. Ол өз кезегінде ұзақ мерзімді жобалардың кешенді түрде жүзеге асуына жол ашады, деп хабарлайды

Талдықорғанда өткен үкіметтік емес ұйымдардың форумында осындай мәселелер қаралып, азаматтық қоғамды дамыту жайы жан-жақты талқыланды.

Қазір облыста мыңнан астам үкіметтік емес ұйым бар. Соның 388-і белсенді. Оларды қаржыландыру көлемі жылдан жылға ұлғайып келеді. Аймақта ұзын саны 148 жоба жүзеге асып жатыр.

 "10 жылдың ішінде біз 50-ден астам жобаны іске асырыппыз. Өзіміздің ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына жарты миллиард теңге инвестиция жасаппыз. Бұл біз үшін өте үлкен жетістік", - дейді жергілікті қауымдастықтар қорының атқарушы директоры Бақытгүл Елшібаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу