Үкіметтің қорында жұмсалмаған 198 млрд теңге бар

693

Вице-министр Берік Шолпанқұловтың қолы қойылған құжатқа қарағанда, бұл 1 маусымдағы көрсеткішке сәйкес ақпарат. 

Үкіметтің қорында жұмсалмаған 198 млрд теңге бар

Үкіметтің қорында жұмсалмаған 198 млрд теңге бар. Қаржы министрлігі Atameken business арнасының резервтегі ақшаның есеп-қисабына қатысты жолдаған ресми сауалына осындай жауап қайтарды.

Вице-министр Берік Шолпанқұловтың қолы қойылған құжатқа қарағанда, бұл 1 маусымдағы көрсеткішке сәйкес ақпарат. 

Жыл басында, яғни 1 қаңтарда қорда жалпы 76,7 млрд теңге болыпты. Бірақ соңғы төтенше жағдайларға байланысты 8 сәуірде 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджет қайта бекітілгенде Үкімет резерві 185,4 млрд теңгеге ұлғайтылған. Нәтижесінде, қордағы қаражат 262,1 млрд теңгені құрапты.

Қазір соның 64,1 млрд теңгесі жұмсалып қойған. Оның 41,4 млрд теңгесі пендемиямен күреске берілсе, өзгесі оқушыларды қашықтықтан оқыту мен Мақтаралдағы апатты жоюға шығындалған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу