ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті алаяқтық колл-орталықтардың әрекетінің жолы кесілгенін хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.
ҰҚК мәліметінше, ұсталған азаматтар ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында телекоммуникациялық жүйелерді пайдалана отырып, алаяқтық әрекеттер жасады деген күдікпен тартылып отыр.
Күдіктілердің тұрғылықты жерлерінде жүргізілген тінту нәтижесінде заңсыз әрекетте қолданылған компьютерлік техника, ұялы телефондар мен ноутбуктер табылды.
Ұсталған азаматтар қажетті процестік іс-шараларды жүргізу және кейіннен депортациялау мақсатында уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.
Оңтүстік Корея Республикасының құқық қорғау органдары аталған топқа қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеріп жатыр.