ҰҚК баланы зорлады деген күдіктіні тауда жасырынған жерінен ұстады

212

Бұған дейін аса ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген қазақстандық азаматқа қатысты іздеу жарияланған.

ҰҚК баланы зорлады деген күдіктіні тауда жасырынған жерінен ұстады Фото: ҰҚК

Баланы зорлады деген күдікті азамат Жетісу облысындағы таулы ауданда жасырынып жүрген жерінен ұсталды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"9 қарашада Жетісу облысының таулы аймағында шекарашылар кәмелетке толмаған балаға қатысты сексуалдық сипаттағы әрекеттерді жасады деген күдікке ілінген облыс тұрғынын ұстады", - делінген хабарламада.

Айта кетсек, бұған дейін аса ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген қазақстандық азаматқа іздеу жарияланғанын хабарлағанбыз.

Ұсталған адам процессуалдық шешім қабылдау үшін полиция органдарына табысталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу