ҰҚК деструктивті діни ағым жақтаушыларын ұстады

110

Тергеу мәліметінше, олар діни негізде шабуылдар мен кісі өлтіруге шақырулар таратқан, сонымен қатар зайырлы тәртіпке қарсы шыққан.  

ҰҚК деструктивті діни ағым жақтаушыларын ұстады Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті биыл қараша айында Алматы, Ақтөбе, Қонаев және Шымкент қалаларында терроризмді насихаттады деген күдікпен деструктивті діни ағымдардың 6 жақтаушысын ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сатйы.

Тінту барысында олардан атыс және суық қару, сондай-ақ көптеген діни әдебиеттер тәркіленді.

Сот санкциясымен аталған тұлғалар қамауға алынды.

ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сонымен қатар, 3 қарашада осындай қылмысы үшін терроризмге шақыру материалдарын таратқан Ақтөбе облысының тұрғыны 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енді.

Жыл басынан бері ҰҚК органдарының материалдары бойынша террористік және экстремистік әрекет үшін 83 адам ұсталып, 97 адам сотталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу