ҰҚК: Каспий теңізінде 109 келі есірткі тәркіленді

493

1 қарашада Шекара қызметі мен Маңғыстау облыстық ҰҚК департаментінің қызметкерлері 3 шетелдік азаматты ұстады.

ҰҚК: Каспий теңізінде 109 келі есірткі тәркіленді Фото: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Күдіктілер жылдам жүретін катермен қуғын кезде қашуға әрекеттенген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде халықаралық есірткі тасымалдау арнасын жойды.

Сонымен қатар жағалау аумағында 2 Қазақстан азаматы қолға түсті. Операция барысында 22 келі апиын, 27 келі гашиш, 60 келі марихуана және шағын жылдам жүретін катер тәркіленді.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жарияланбайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу