ҰКҚ Қазақстанның оқ-дәрісін шетелге шығармақ болған ұйымның жолын кесті

872

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) оқ-дәрілер мен әскери мүлікті экспорттау мақсатында заңсыз мәміле жүргізген халықаралық ұйымның жолын кесті. Бұл туралы ҰҚК басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы "Казахстанская правда" газетіне сілтеме жасап.

ҰКҚ Қазақстанның оқ-дәрісін шетелге шығармақ болған ұйымның жолын кесті

"Қорғаныс өнеркәсібі кешенінде халықаралық құрылымның қазақстандық пайдаланылмаған әскери мүлікті монополиялау әрекетіне тосқауыл қойылды. Олар сол мүлікті ары қарай әскери қақтығыстар аумағына жолдамақ болған. Осылайша Қазақстан үшін сыртқы саясаттағы және имидждік тәуекелдер жойылды", - деді Мәсімов жариялаған мақаласында.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы нақты мысалды да келтірген. Атап айтқанда, халықаралық ұйымның қазақстандық 30 млн оқ-дәрісін экспорттау әрекетінің жолы кесілген. Ал 2020 жылдың қазан айында рұқсат қағазынсыз экспорттық бақылауға жатқызылатын әскери өнімдерді (500 дана кевларлы шлем) сыртқа шығару оқиғасы да анықталған. 

Сонымен қатар қазақстандық әуе кемелерін сыртта пайдалану жағдайына қадағалау күшейтілген. Бұл жағдай әскери қақтығыстар болдырмауға мұрындық болған. Сонымен қатар SigmaAirlines, AzeeAir және Aircompany Jenis Air әуе компанияларының лицензия қайтарылған.

Аян Бекенұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу