banner

ҰҚК Қырғызстанға жанармай тасымалдайтындарға қатысты түсініктеме берді

707

Бұған дейін Жамбыл облысының тұрғындары жанар-жағармайды Қырғызстанға тасымалдап, екі есе қымбатқа сататындар туралы хабарланған болатын.

ҰҚК Қырғызстанға жанармай тасымалдайтындарға қатысты түсініктеме берді

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды inbusiness.kz

"Қазақстан мен Қырғызстандағы жанармайдың танымал маркалары құнының айырмашылығын ескере отырып, қазіргі уақытта Қазақстан-Қырғызстан шекарасы арқылы жанар-жағармайды шекарадан өткізетін, оның ішінде тасымалдау ережелерін бұзған көліктердің көбеюі байқалады. Атап айтқанда қосымша цистерналар орнату немесе оларды кеңейту сынды", – деп хабарлады ҰҚК. 

Ведомствода аталған санаттағы тасымалдаушыларға қатысты мемлекеттік шекараны кесіп өту жиілігіне шектеудің болмауы бақылау-өткізу пункттеріндегі жүктемені айтарлықтай арттырып, көлік құралдарының шекарадан өту орындарына жақын жерде жиналуына алып келетінін атап өтті.

"Сонымен қатар көбінесе жанар-жағармай тасымалдау үшін жеке көлікті пайдаланатын азаматтар, әдетте, қауіпсіздік ережелеріне немқұрайлы қарайды, бұл өз кезегінде қайғылы жағдайларға әкеп соқтырады. Шекара қызметі жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін мұндай әрекеттен бас тартуды ұсынады", – деп жазылған ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті таратқан хабарламада.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу