ҰҚК: Маусымда шекара бұзған 5 мыңнан астам адам ұсталды

266

ҰҚК Шекара қызметі 2025 жылғы маусым айындағы іс-қимыл нәтижелері туралы мәлімдеді.  

ҰҚК: Маусымда шекара бұзған 5 мыңнан астам адам ұсталды Фото: envento.com

Шекара кеңістігінде Қазақстан Республикасының заңнамаларын бұзған 5 359 адам ұсталды, соның ішінде 4 696 шетел азаматтары, деп жазады inbusiness.kz сайты.

ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету мен қорғауды қамтамасыз ету аясында 2025 жылғы маусымда құзырлы органдармен өзара әрекеттесе отырып:

Мемлекеттік шекара арқылы 1 569 заңсыз алып өту фактілерінің алды алынды, соның ішінде:

  • 62 – қарулар мен оқ-дәрілер;
  • 22 – діни әдебиет (346 дана);
  • 470 – жалпы сомасы 6,8 млн теңгеден асатын жанар-жағармай материалдары;
  • 837 – жалпы сомасы 2,8 млрд теңгеден астам халық тұтыну тауарлары;
  • 178 – жалпы сомасы 1,5 млрд теңгеден астам шетел валютасы.

Каспий акваториясында 58 браконьерлік фактілерінің алды алынды, сондай-ақ 25 дана жүзу құралдары, жалпы ұзындығы 20 км аса торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары тәркіленді. Жалпы шығын көлемі шамамен 34 млн теңгені құрайды.

– Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді. Мемлекеттік шекарада қандай да бір шектеу шаралары енгізілген жоқ, өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істеп жатыр, – делінген ҰҚК баспасөз қызметі хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу