ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшісі қайтыс болды

125

Қызметтік тексеріс басталды.

ҰҚК Шекара қызметінің әскери қызметшісі қайтыс болды   Фото: canva

2025 жылғы 5 қазанда Алматы облысы бойынша департаменттің медициналық қамтамасыз ету бөлімшесінде ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қатардағы жауынгер қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Медициналық қызметкерлердің алдын ала қорытындысына сәйкес, өлімнің себебі – менингококцемия. Аталған факті бойынша Алматы қаласы Наурызбай ауданының полиция басқармасында сотқа дейінгі тергеу тіркелді", – делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу