banner

ҰҚК Сириядан бұрынғы қазақстандық содырдың 7 жасар қызын елге қайтарды

474

Жақын кезеңде ол туыстарының қатарынан қамқоршыларға берілетін болады.

ҰҚК Сириядан бұрынғы қазақстандық содырдың 7 жасар қызын елге қайтарды Фото: ҚР ҰҚК баспасөзі

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мүдделі мемлекеттік органдармен, сондай-ақ шетелдік серіктестерімен бірлесіп, азаматтарды террористік белсенділік аймақтарынан қайтару бойынша қарқынды жұмысты жалғастыруда, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2023 жылғы 11 наурызда Сириядан Қазақстанға бұрынғы қазақстандық содырдың 7 жасар қызы қайтарылды. Оны қайтару бойынша гуманитарлық операция жарты жылдан астам уақыт бойы жүргізілді", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта бала Астана қаласының балаларды қолдау орталығында, психологиялық жай-күйі қанағаттанарлық. Осы сәтте қыз бала медициналық тексеруден өтіп жатыр, оны бейімдеу және оңалту жұмыстары жүргізілуде.

Жақын кезеңде ол туыстарының қатарынан қамқоршыларға берілетін болады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу