ҰҚК Алматы әуежайында радикалды ұстады

260

Ол шетелдік террористік орталыққа бармақ болған.  

ҰҚК Алматы әуежайында радикалды ұстады Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

2023 жылғы 22 желтоқсанда Алматы қаласының әуежайында ҰҚК шетелдік террористік орталықтарға шығуды жоспарлаған Қазақстан азаматын елімізден ұшып кету әрекеті кезінде ұстады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұрын ол ұрлық, зорлау және кісі өлтіргені үшін сотталған.

Бостандыққа шыққаннан кейін радикалды идеологияның ықпалына түсіп, террористік топтардың құрамына қосылу үшін Сириядағы соғыс аймағына бару туралы шешім қабылдаған.

Сондай-ақ ол террористік әрекеттерді қаржыландырды деп күдіктелуде.

Қылмыстық кодекстің 258-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу