ҰКП Шағын және орта бизнес комитетіне жаңа төраға сайланды

773

Бұған дейін комитетті Райымбек Баталов басқарды. 

ҰКП Шағын және орта бизнес комитетіне жаңа төраға сайланды

"Атамекен" ҰКП Төралқасы жанындағы Шағын және орта бизнес комитетінің кезекті отырысы өтіп, онда комитет мүшелері дауыс беру арқылы жаңа төрағаны сайлады, деп хабарлайды inbusiness.kz ҰКП сайтына сілтеме жасап.

"Қазақстанның тәуелсіз автобизнес одағы" ЖК және ЗТБ басқарма төрағасы, "Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы" ЗТБ төрағасының орынбасары Берік Зайыров комитет төрағалығына сайланды. 

Бүгінгі отырыста экс-төраға Райымбек Баталов қызметін қорытындылап, әріптестеріне жемісті жұмысы үшін алғыс айтып, төраға қызметіне сайлау үшін Берік Зайыровтың кандидатурасын ұсынды. Бірауыздан қабылданған шешіммен Берік Зайыров комитет төрағасы болып сайланды.

Комитет міндеттеріне шағын және орта бизнесті дамыту саласындағы мемлекеттік саясаттағы тұжырымдамалық тәсілдер, заңнаманы жетілдіру, заңнамалық, ұйымдастырушылық шешімді талап ететін саладағы басым проблемаларды айқындау, халықаралық ұйымдармен және компаниялармен ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша Ұлттық палатаның келісілген позицияларын талдау және пысықтау кіреді. 

Берік Зайыров 1984 жылдың 10 мамырында туған. Білімі: жоғары
•    2005-2008 – "БТА Банк" АҚ автонесие беру бөлімінің бастығы, несие сарапшысы (Ақтөбе); 
•    2008-2011 – "БТА Банк" АҚ проблемалық несиелермен жұмыс жөніндегі басқарма бастығының орынбасары (Алматы); 
•    2011-2018 – "LETO" компаниясының қаржы директоры, бухгалтері; 
•    2016 – қазірге дейін – ЗТБ және "Қазақстанның тәуелсіз автобизнес одағы" ЖК басқарма төрағасы; 
•    2018 – қазірге дейін – Зияткерлік меншікті дамыту және қауіпсіздік агенттігі" ЖШС құрылтайшы-директоры (заң, салық, бухгалтерлік консалтинг);
•    2021 – қазірге дейін – "Қазақстан кәсіпкерлерінің форумы" ЗТБ төрағасының орынбасары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу