Украина "ВКонтакте" желісінің баламасын жасауы мүмкін

774

Украина "ВКонтакте" желісінің баламасын жасауы мүмкін

Украинаның бірқатар ресейлік әлеуметтік желілерін бұғаттағанынан кейін, оның орнын басатын балама желі жасау мәселесін күн тәртібінде тұр. Өз кезегінде, канадалық әзірлеушілер Ukrainians атты жаңа желіні бар болғаны 4 айда жасап бітіретіндерін мәлімдеді. Бұл туралы segodnya.ua жазды.

Алайда аталмыш әзірлеушілер жаңа желінің украиндықтарға шынымен қажеттілігіне көз жеткізгісі келеді.

"Егер 1 маусымға дейін жазылушылар саны 50 000-ға жететін болса, онда біз интернет құралын бар болғаны 4 айда жасап шығамыз", - дейді программистер.

Айта кетейік, 16 мамырдан бастап Украина аумағында санкцияны кеңейту аясында ресейлік "ВКонтакте", "Одноклассник" әлеуметтік желілері мен "Яндекс" және "Mail.ru Group" қызметтері бұғаттауға ұшыраған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу