Украина араб елдерімен теңіз дрондарын жеткізу туралы келісімге келді

Владимир Зеленский Сауд Арабиясы, Қатар және Біріккен Араб Әмірліктерімен қорғаныс саласындағы бірнеше мәселеде уағдаласты.

Украина араб елдерімен теңіз дрондарын жеткізу туралы келісімге келді Фото: saudigazette.com.sa

Аталған келісімдер әскери технологиялар, әсіресе дрон техникалары мен әуе-қорғаныс жүйелерін дамытуға бағытталған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сауд Арабиясымен, Қатармен және БАӘ-мен келісім жоспарланған 10 жылдық серіктестікке негізделеді. Араб елдері Украинаның соғыс жағдайында жинаған дронды қорғау және қарсы дрон жүйелерін, тактикалық тәжірибені бөлісу саласындағы тәжірибесіне қызығушылық танытып отыр. 

– Бізде тек эшелондалған әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесінің сараптамасы ғана емес, сонымен қатар теңіз дрондарының көмегімен теңіз сауда жолдарын бұғаттаудан босату тәжірибесі де бар. Олар бұл бағытта біздің тәжірибемізге сенім арта алатынын біледі, – деді Владимир Зеленский.

Яғни, Украина дрон технологиясы және әуе-қорғаныс саласындағы тәжірибесін бөлісе алады, бұл елдердің Ираннан келетін ұшқышсыз аппараттар мен зымыран қауіптеріне қарсы тұру мүмкіндігін арттыруға бағытталған. 

Бұл келісімдер Украинаға қаржылық және әскери-техникалық қолдауды кеңейтуге мүмкіндік беріп отыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу