Украина астанасы Киевке шабуыл жасалып, 12 адам қаза тапты

403

20 тамызға қараған түні Ресей әскері Киевке баллистикалық зымырандармен шабуыл жасады.  

Украина астанасы Киевке шабуыл жасалып, 12 адам қаза тапты Фото: rbc.ua

Киев қалалық әскери әкімшілігінің мәліметінше, шабуыл салдарынан 12 адам қаза тауып, 34 адам зардап шеккен, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW-ге сілтеме жасап.

Украина астанасының мэрі Виталий Кличко 12 адамның қаза тауып, 34 адамның зардап шеккенін мәлімдеді.

"Олардың 14-і ауруханаға жатқызылды. Қалғандарына медициналық көмек амбулаториялық жағдайда немесе оқиға орнында көрсетілді", – деп жазды Виталий Кличко өзінің Telegram-арнасында.

Соломен ауданында зымыран сынықтары 5 қабатты тұрғын үйдің маңына құлаған. Ғимараттың терезелері сынған, өрт шыққан.

Виталий Кличконың айтуынша, 9 қабатты тұрғын үй де соққыға ұшырап, оның жоғарғы қабаттары қираған.

Тағы бір мекенжайдағы паналау орнында адамдар қамалып қалған. Сол ауданда балалар ауруханасының ғимараты зақымданып, медициналық мекеме аумағындағы автокөліктер өртенген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу