Украина билігі коммунизм елесінен біржолата құтылып жатыр

962

Украина билігі коммунизм елесінен біржолата құтылып жатыр

Украиндықтар 10 маусым  күні кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында аты аңызға айналған әскери басшылардың бірі болған саяси қайраткер Владимир Котовскийдің Одесса облысының Подольск қаласындағы  ескерткішін құлатты, деп хабарлайды aikyn.kz.

"Украинада коммунизмнің елесі қалмауы керек" деген қағиданы ұстанған ел билігі бүгінде  кеңестік ескерткіштерді түгел құртып жатыр. Осыған орай қазіргі кезде елдегі кеңес үкіметінен қалған барлық ескерткіштер мен алаңдағы бюсттер жойылуда. Бұл ғана емес, 2016 жылы Украинаның жоғары радасы Котовск қаласын Подольск деп өзгерткені белгілі. 2017 жылы  Собор алаңындағы  Котовский тұрған үй де құлатылып, ескерткіш тақта да жойылған болатын.  Аталған қалада Котовский атындағы музей де бар. Оны жою туралы үкімет қаулысы өткен жылдың күзінде жарияланғанымен, әлі орындала қойған жоқ. Бірақ, кеше еңселі ескерткіш жұртшылықтың алдында құлатылды. Сөйтіп, Украина билігі коммунизм елесінен біржолата құтылып жатыр.

Ал Григорий Иванович Котовский кім еді? Ол азамат соғысына белсене қатысқан өзінің саяси мансабына тез жеткен Молдова, Украина және кеңес одағының орталық атқару комитетінің мүшесі болған қайраткер. КСРО-ның революциялық әскери кеңесінің мүшесі. Кеңес фольклоры мен әдебиетінің аңызға айналған кейіпкері.

Молдова және Украина жерінде кеңес үкіметін құруда ерекше еңбек сіңіріп, ерлік көрсеткен  Котовскийге кейін Одесса облысында ескерткіш орнатылады.  Қалаға аты беріледі. Енді міне саясат сағаты кері айналып, өз дегенін істеді. Бір ғасырға жуық уақыт тұрған еңселі ескерткішті ақыры украиндық ұлтшылдар құлатып тынды…

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу