Украина билігі Қырғызстанға ескерту жасады

439

Украинаның Сыртқы істер министрлігі Қырғызстанның Украинадағы елшісі Ыдырыс Қадырқұловты шақырды, деп жазады Inbusiness.kz.

Украина билігі Қырғызстанға ескерту жасады Фото: КТРК

Қырғызстан аумағынан Ресей Федерациясына әскери техниканы жабдықтау үшін пайдалануға болатын тауарларды қайта экспорттау дұшпандық ретінде қарастырылады, делінген Украина СІМ хабарламасында.

"20 шілдеде Украинаның Сыртқы істер министрлігіне Қырғыз Республикасының Украинадағы елшісі Ыдырыс Қадырқұлов Ресейдің агрессор-мемлекетіне қарсы санкцияларды айналып өту үшін Қырғызстанның юрисдикциясын пайдалану, атап айтқанда, қару-жарақ өндіру үшін пайдаланылуы мүмкін қос мақсаттағы өнімдер мен жоғары технологиялық компоненттер мен бұйымдарды жеткізу жайында түсініктеме алу мақсатында шақырылды", - делінген хабарламада СІМ хабарламасында.

Ведомство дипломаттың назары Қырғыз Республикасының әлемдік қоғамдастықтың мүшесі ретінде Ресейге қарсы халықаралық санкциялық саясатты сақтауға жауапкершілікпен қарауға тиіс екендігіне аударылғанын атап өтті.

"Қырғызстан аумағынан Ресей Федерациясына әскери техниканы жабдықтау үшін пайдаланылуы мүмкін тауарларды қайта экспорттауды Украина тарапы Ресейдің Украинаға қарсы басқыншылық соғысын қолдауға бағытталған әрекет ретінде қарастыратыны ерекше атап өтілді", - делінген хабарламада.

Осыған дейін Қырғызстан санкциялардан сескеніп отырмағанын жазған болатынбыз. Бұл ретте Австралия 35 ресейлік ұйымға қатысты жаңа санкциялар жариялады. Сондай-ақ, бүгін Қырғызстанның 4 компаниясына ресми түрде санкция салынды

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу