Украина ешқашан ДХР мен ЛХР-дың егемендігін мойындамайды – Украинаның СІМ

768

Ел билігі Донбасс төңірегіндегі қақтығысты дипломатиялық жолмен шешуге, сондай-ақ Ресеймен соғысуға да дайын.

Украина ешқашан ДХР мен ЛХР-дың егемендігін мойындамайды – Украинаның СІМ Фото: ria.ru

Украинаның Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Вашингтонда АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен кездесіп, Украинаны қолдау мәселесін талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Біз Мемлекеттік хатшымен Украинаны халықаралық тұрғыда қорғау жөніндегі қадамдарды талқыладық. Украинаны қолдау үшін Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегідей ленд-лизге ұқсас бағдарламаны ұсынамыз", – деді Кулеба Блинкенмен кездесудің қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында. 

Оның айтуынша, Украина билігі Донбасс төңірегіндегі қақтығысты дипломатиялық жолмен шешуге, сондай-ақ Ресеймен соғысуға да дайын.

"Бізде "А" жоспары бар. Ол бойынша Ресейдің келесі агрессиясын болдырмау үшін барлық дипломатиялық мүмкіндіктерді пайдалану. Ал "Б" жоспары – қалаларымыздың, аумағымыздың әр дюймі үшін жеңіске жеткенше күресу", – деді Украинаның СІМ басшысы.

Сонымен қатар ол Украина ешқашан ДХР мен ЛХР-дың егемендігін мойындамайтынын мәлім етті. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу