Украина Корея жолын қууы мүмкін

813

Ресей шабуылының нәтижесінде Украина жері қақ бөлінуі мүмкін.   

Украина Корея жолын қууы мүмкін Фото: s0.rbk.ru

Мұндай пікірді Украина Президенті Кеңсесі Басшысының бұрынғы кеңесшісі Алексей Арестович білдірді, деп жазады inbusiness.kz.

Сонымен бірге ол украиналықтардың Ресеймен бейбітшілік орнату туралы ойы соңғы алты айда айтарлықтай өзгергенін мойындады.

"Соғыстын немен аяқталарына тоқталар болсақ…барлығы біз үш ай бұрын не жарты жыл бұрын ойлағандай болмауы мүмкін…тіпті, Корея жолын қуып келе жатқан сияқтымыз. Батыстың қолынан не келеді? Батыс қалған аймақта Оңтүстік Корея жасай алады", — деп болжам жасады Арестович.

Соңғы кездері Украинаның "корей сценарийі" бойынша бөлінуі туралы келіссөздер тақырыбын Киев өкілдері медиа кеңістікте жиі жариялап жүр.

Алайда, Мәскеу мұндай болжамды толығымен жоққа шығарады. Кремльде олар ешқандай келіссөздер жүргізбейтіндіктерін айтады, өйткені келісім жолдары украин тарапынан бұғатталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу