Украина Қорғаныс министрінің барлық орынбасарлары қызметінен босатылды

382

Украина президенті Владимир Зеленскийдің АҚШ-тағы Ақ үй басшысы Джо Байденмен кездесуі қарсаңында Украина Үкіметі Қорғаныс министрінің алты орынбасары мен ведомствоның Мемлекеттік хатшысы қызметінен босатылды.  

Украина Қорғаныс министрінің барлық орынбасарлары қызметінен босатылды Фото: ФедералПресс

Бұл туралы Жоғарғы рададағы Министрлер кабинетінің өкілі Тарас Мельничук хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

Үкіметтің шешімімен Министрдің орынбасарлары Владимир Гаврилов, Виталий Дейнега, Анна Маляр, Ростислав Теодозиевич, Денис Шарапов пен Андрей Шевченко қызметінен босатылды, деп Мельничук өзінің телеграм-арнасында Қорғаныс министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Константин Ващенко да отставкаға кеткенін айтты.

Қазір тек министрдің бірінші орынбасары Александр Павлюк қалды.

Зеленский 19 қыркүйекте Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясының сессиясында сөз сөйлейді, кейінірек оның АҚШ президенті Джо Байденмен кездесуі болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу