Украина Қырым көпірінің бұзылуына қатысы бар екенін мойындады

1043

УҚҚ өкілі айтқандай, "жарылыс" қалай ұйымдастырылғаны туралы мәліметтер Украинаның Ресейге қарсы соғыста "жеңіске жеткен" кезінде жарияланады.

Украина Қырым көпірінің бұзылуына қатысы бар екенін мойындады Фото: RFI

Яғни Украина іс жүзінде Қырым көпірінің бұзылуына қатысы бар екенін мойындап отыр, деп жазады Inbusiness.kz.

"Операцияның егжей-тегжейі" Украинаның Ресейге қарсы соғыста "жеңіске жеткен" кезінде жарияланады, деді УҚҚ спикері жергілікті БАҚ-қа берген сұхбатында.

Қырым көпіріне қатысты жағдайға түсініктеме бере отырып, Артем Дехтяренко путиндік режимнің басты нысаны тағы да әскери шабуылға төтеп бере алмағанын айтты.

Мәскеудің хабарлауынша, өткен түнде көпірдің бір бөлігінің құлауы екі жер үсті дрондарының шабуылына байланысты болған. 

Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладков екі адамның қайтыс болғанын растағанын еске саламыз. Қырым көпіріндегі төтенше жағдайдан зардап шеккен көлікте ер адам мен әйел болған. Олардың кәмелетке толмаған қызы аман қалды, бірақ жарақаттанған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу