Украина мәселесі: Трамп Путинмен сөйлесуге мүдделі

172

АҚШ президенті Дональд Трамп 19 мамырда Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесіп, Украинадағы жағдайды бейбіт жолмен реттеу және сауда мәселелерін талқылауға ниетті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Украина мәселесі: Трамп Путинмен сөйлесуге мүдделі Фото: ТАСС

"Дүйсенбі күні сағат 10:00-де Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесемін", — деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.

Сондай-ақ ол ресейлік әріптесімен Украинадағы жағдайды бейбіт жолмен реттеу және сауда мәселелері жөнінде пікір алмасқысы келетінін айтты.

Трамп АҚШ басшысы болып сайланар алдында "Украина мен Ресей қақтығысын тез арада тоқтатамын" деп мәлімдеген еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу