Украина мен Ресей Федерациясының әуе кеңістігіндегі шектеулер 2029 жылға дейін сақталады

427

Еуропаның әуе саласы пандемиядан кейін енді ғана қалыпқа келе бастағанымен, оған Украинадағы қақтығыс теріс әсер етуде.

Украина мен Ресей Федерациясының әуе кеңістігіндегі шектеулер 2029 жылға дейін сақталады Фото: TRT Avaz

Еуропалық әуе навигациясы қауіпсіздігі ұйымы (Eurocontrol) Ресей мен Украинаның әуе кеңістігі 2029 жылға дейін Еуропа бағытында жабық болып қалады деген ойда. Бұл туралы ұйымның ресми сайтында хабарланды, деп жазады inbusiness.kz.

"Қазір біз Украина мен Ресейдің әуе кеңістігі 2029 жылға дейін жабық болады деп болжаймыз", - делінген хабарламада.

Eurocontrol Азиядан Солтүстік Еуропа арқылы ұшу саны азайғанын атап өтті, өйткені "Оңтүстік-Шығыс елдері арқылы бағыттарды қайта құру" керек болды.

Еуробақылау болжамына сәйкес, Еуропаның әуе саласы пандемиядан кейін енді ғана қалыпқа келе бастағанымен, оған Украинадағы қақтығыс теріс әсер етуде. Ұйым Украинада рейстердің 90 пайызға азайғанын тіркеді.

Украина 24 ақпанда Ресей Федерациясымен қақтығыс басталған сәттен азаматтық ұшақтар үшін әуе кеңістігін толығымен жауып тастады. Ал Еуропа мен АҚШ ресейлік ұшақтардың ұшуына тыйым салды. Кейінірек осы елдер үшін Ресей әуе кеңістігі жабылды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу