Бұл құжат екі ел арасындағы стратегиялық әріптестіктің жаңа кезеңіне баланып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осылайша, Украина мен Сауд Арабиясы қорғаныс саласындағы әріптестікті дамыту туралы маңызды келісімге қол қойған. Келісім болашақта бірлескен технологиялық жобалар жүргізуге, инвестиция тартуға және жаңа қорғаныс келісімшарттарын жасауға мүмкіндік береді.
Зеленскийдің сөзінше, келісімге Сауд Арабиясының тақ мұрагері, ханзада Мұхаммед бин Салман қатысқан.
– Біз өз тәжірибемізді Сауд Арабиясымен бөлісуге дайынбыз. Адам өмірін қорғауды күшейту үшін бірлесіп жұмыс істейміз, – деп жазды Зеленский әлеуметтік желідегі парақшасында.
Шыны керек, қазіргі күні Украина әуе қорғанысы, дрондарға қарсы технологиялар және заманауи ұрыс тәжірибесі бойынша әлемдегі жетекші елдердің біріне айналып үлгерді. Ал Сауд Арабиясы қорғаныс саласына ірі инвестиция салатын мемлекет ретінде жаңа серіктестікті жоғары бағалап отыр.
Рейтерстің мәліметінше, аталған келісім қос ел арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған және Таяу Шығыстағы қауіпсіздіктің жаңа элементіне айналуы мүмкін.