banner

Украина НАТО-ға жедел түрде қосылуға өтінім берді

615

Зеленский Украинаның НАТО-ға өтініш беру шешімін 30 қыркүйекте жеделдетілген режимде жариялады.

Украина НАТО-ға жедел түрде қосылуға өтінім берді

Украина президенті Владимир Зеленский 30 қыркүйекте НАТО-ға тез арада қосылуға өтініш берді, деп жазады inbusiness.kz Риа новости-ға сілтеме жасап.

Зеленскийдің айтуынша, Украина мен НАТО қазірдің өзінде "іс жүзінде одақтас".

"Де-факто Украина НАТО-ға жедел түрде қосылуға өтінім берді, сондай-ақ қазірдің өзінде біз НАТО-ның бір бөлігіміз. Қазір Киев жедел түрде де-юре жасауға өтініш беріп жатыр. Бұл халықтың қауіпсіздігін айқындайтын қадам", – деді Украина президенті.

Айта кетсек, Украина НАТО-ның кеңейтілген мүмкіндіктері бойынша серіктес мәртебесін алған алтыншы мемлекет болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу