Украина Никарагуамен дипломатиялық байланысын үзді

322

Елдің сыртқы істер министрлігі бұл шешімді түсіндірді. 

Украина Никарагуамен дипломатиялық байланысын үзді Фото: Известия

Украина Никарагуамен дипломатиялық қарым-қатынасты тоқтату туралы шешiм қабылдады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты DW агенттігіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, Никарагуа Қырым, Донецк, Луганск, Херсон және Запорож облыстарын ресейлік аумақ ретінде ресми түрде мойындаған. Бұл жағдай Киевтің тиісті шешім қабылдауына әсер еткен.

"Бұл шешімді Никарагуаның Украина егемендігі мен аумақтық тұтастығына қарсы әрекетi, БҰҰ Жарғысын және халықаралық құқықтың негізгі нормалары мен принциптерін өрескел бұзу деп бағалаймыз", – делінген Украина сыртқы істер министрлігі таратқан мәлімдемеде.

Украина тарапының мәліметінше, бұл Никарагуаның Ресейге қаржылық әрі саяси тұрғыдан тәуелді екенін көрсетеді.

The Moscow Times онлайн басылымының дерегінше, қазіргі Ресей Донбастың шамамен 88 пайызын, Запорож мен Херсон облыстарының 73 пайызын басып алған. Бұл – Украина аумағының шамамен 20 пайызына тең.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу