Украина өз аумақтарын Ресейге бермейді – Зеленский

636

Ол украиналықтардың жердің әр бөлігі үшін күресетінін мәлім етті.

Украина өз аумақтарын Ресейге бермейді – Зеленский

Украина Президенті Владимир Зеленский CNN арнасына берген сұхбатында Ресейге өз аумақтарын беруге дайын емес екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"Украиналықтар өз жерлерін беруге дайын емес, бұл аумақтардың Ресейге тиесілі екенін мойындамайды. Бұл біздің жеріміз. Біз бұл туралы әрдайым айтып жүреміз және оны дәлелдейміз", – деді ол. 

Ол украиналықтардың жердің әр бөлігі үшін күресетінін, алайда бұл үшін жабдықтар мен қорғаныс құралдарының қажет екенін мәлім етті. 

Владимир Зеленский сонымен бірге Ұлыбритания Премьер-Министрі Борис Джонсонның отставкаға кетуіне қатысты пікір білдірді. Украина басшысы Джонсонды Украинаның нағыз досы деп атады. Оның қызметтен кетуі Ұлыбританияның Украинаға қатысты саясатына әсер етпейтініне сенім білдірді.

Табиғат Нұрболат

Фото: president.gov.ua

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу