Украина Президенті кеңсесінің кеңесшісі отставкаға кетті

445

Украина Президенті Кеңсесінің кеңесшісі Алексей Арестович өз еркімен жұмыстан шығуға өтініш білдірді.  

Украина Президенті кеңсесінің кеңесшісі отставкаға кетті Фото: esp.md

Днепрдегі қайғылы оқиға жайында Арестовичтің мәлімдемесі қоғам ішінде үлкен дау-дамай тудырды. Украина Президентінің кеңесшісі тікелей эфирде зымыранды Украинаның Әуе қорғанысы күштері атып түсіргенін, содан кейін ол тұрғын үйге құлағанын айтты, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

"Зымыранды Әуе қорғанысы күштері атып түсірді, ол кіреберіске құлады. Құлаған зымыран жарылды", - деді Арестович эфир жүргізушісі Марк Фейгинмен сөйлескенде.

Украинаның Бас Прокурорының кеңсесі үйге ресейлік Х-22 қанатты зымыраны соққы берді деп санайды. Ал Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі тек әскери және энергетикалық нысандарға соққы береді деп сендіреді.

"Зымыран соққысы тікелей болды. Ешқандай Әуе қорғанысы болған жоқ", - деді кейінірек Днепр әкімі Борис Филатов.

Жұмыстан шығару туралы өтінішті Арестович Facebook әлеуметтік желісінде жариялады: "Өз еркіммен жұмыстан шығуға өтініш білдірді. Сол арқылы мен өркениетті әрекеттің мысалын көрсеткім келеді: қателік жібердің бе, орныңды босат".

Әзірге Украина президентінің кеңсесінен қандай да бір жауап болған жоқ.

14 қаңтар күрі Днепрдегі көпқабатты тұрғын үйге теңіздегі ірі кемелерді жоюға арналған Х-22 зымыраны құлап, шабуылдан 68 адам жараланып, 20 адам қаза болғанын еске саламыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу