Украина президенті Мәскеу ұшса, бірге баруға дайынмын – Лукашенко

1346

Беларусь көшбасшысы Зеленскийдің қауіпсіздігіне кепіл болуды ұсынды.

Украина президенті Мәскеу ұшса, бірге баруға дайынмын – Лукашенко Фото: slovoidilo.ua

Беларусь көшбасшысының француздың Le Point журналына берген сұхбатының тиісті үзіндісін мемлекет басшысының баспасөз қызметіне жақын "Пул первого" Telegram-арнасы жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Беларусь президенті Александр Лукашенко Украина президенті Владимир Зеленский Мәскеуге барса, оның қауіпсіздігіне кепіл болуға дайын екенін мәлімдеді.

Түрлі БАҚ-та таралған сұхбаттың үзіндісінде Лукашенко "Украина президентімен кездесуге дайын ба?" деген сұраққа кеңінен жауап берді.

"Путин бірде айтқан, әрине, бұл қатал талап: "Зеленский қаласа – Мәскеуге келсін". Міне, біз Володя Зеленский екеуміз отырып, Мәскеуге ұшып бара алар едік. Екеуміз. Мен оның қауіпсіздігіне кепіл болып Мәскеуге ұшып бара алар едім. Отырып сөйлесер едік. Келіспесе – онда соғыссын. Өзі майданға автоматпен барып соғыссын. Оның келісімі... Соғыс жүріп жатыр, оны тоқтату керек.

Біз келісімге келер едік. Бәрібір үшеуміздің болашағымыз қандай болатынын айқындаймыз – Украина, Беларусь және Ресейдің. Біз – үш славян халықпыз", – деді Le Point журналына берген сұхбатында.

Беларусь президентінің айтуынша, Франция айтарлықтай ықпалға ие және Еуропадағы болашақ қауіпсіздік құрылымы Беларуське қарағанда оған көбірек тәуелді.

"Бірақ осы өңірде үш басты славян халқы тарихи тұрғыдан әрі қарай қалай өмір сүретінін шешетін болады", – деп атап өтті ол.

Лукашенко Беларусь қатысса, Ресей мен Украина соғысты аяқтау және өңірдің болашағы туралы басқа елдер қатысқанға қарағанда тезірек келісе алатынын айтты.

Беларусь Президентінің француздық "Le Point" журналына берген ауқымды сұхбаты бүгін, 25 қарашада, эфирге шығады. Бұл әңгіменің толық нұсқасын "Беларусь 1" арнасынан көруге болады.

Өз кезегінде ресми Киев бұл ұсынысқа бірден жауап қатты. Зеленский бауырлас елдердің Президенттерін Украинаға келуге шақырып отыр.

"Біз олардың қауіпсіздігіне кепілдік береміз", – деді Зеленский Берегово қаласында Венгрия премьер-министрі Петер Мадьярмен бірге өткізген баспасөз мәслихатынан кейін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу