Украина Ресейдің Омбыдағы ең ірі мұнай өңдеу зауытына дронмен шабуылдады

346

Болжамға сәйкес, зауыттың негізгі қуат көздерінің бірі саналатын ЭЛОУ-АВТ-11 қондырғысы зақымданған болуы ықтимал.  

Украина Ресейдің Омбыдағы ең ірі мұнай өңдеу зауытына дронмен шабуылдады Фото: BILD

Украиналық дрондар 2500 шақырымнан астам қашықтыққа ұшып, Омбыдағы Ресейдің ең ірі мұнай өңдеу зауытына соққы берді, деп жазады inbusiness.kz сайты BILD-ке сілтеме жасап.

Украина Бас штабының мәліметінше, жылына шамамен 22 миллион тонна мұнай өңдейтін нысан ішінара зақымдалған. Куәгерлер жариялаған бейнежазбаларда зауыттағы өрттің түтіні көрінеді. 

Киев үшін бұл шабуыл украиналық дрондардың ұшу қашықтығын және Ресейдің әуе қорғанысының осал тұстарын көрсету мақсатында маңызды. Стратегиялық нысан дрондардан ішінара қорғалған.

Осы күнге дейін Омбы мұнай өңдеу зауыты украиналық дрондардан соққы алмаған екі нысанның бірі саналған еді. Дронмен жасалған соққыдан соң Ресейдің ішкі нарықта жанармай көлеміне деген сұраныс артуы мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу