Украина Ресеймен арадағы дипломатиялық қарым-қатынасты тоқтату жағын қарастырады – Владимир Зеленский

1067

Оның ойынша, Ресейдің Луганск пен Донецк халық республикаларының егемендігін мойындауы Ресейдің Украинаға қарсы бағытталған агрессиясын үдетпек.

Украина Ресеймен арадағы дипломатиялық қарым-қатынасты тоқтату жағын қарастырады – Владимир Зеленский

Украина Президенті Владимир Зеленский елдің СІМ-нен Ресей Федерациясымен арадағы дипломатиялық қарым-қатынасты тоқтату туралы өтінішті алғанын мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Мен Ресеймен арадағы дипломатиялық қатынасты тоқтату туралы ұсынысын қарастырамын", – деді ол. 

Зеленскийдің ойынша, Ресей Федерациясының Луганск пен Донецк халық республикаларының егемендігін мойындауы Ресейдің Украинаға қарсы бағытталған агрессиясын үдетіп, бұған заңды негіз туғызуы мүмкін. 

"Ресей Федерациясының бұл шешімі Украина мемлекетіне қарсы қарулы агрессия үшін заңды негіз туғызып отыр деп санаймыз, бұл шешім барлық халықаралық міндеттемелерге, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің Украинаға қатысты 2015 жылғы 18 ақпандағы қарарына қайшы келіп отыр", – деді ол.

21 ақпанда Ресей Президенті Владимир Путин Донецк және Луганск халық республикаларының егемендігін мойындағанын мәлімдеді. Олардың басшыларымен достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шарттарға қол қойылды.

Табиғат Нұрболат

Фото: Украина президентінің кеңсесі

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу