Украина Ұлыбританияны ресейлік мұнайдан толығымен бас тартуға шақырды

692

Ұлыбританияға тасымалданатын мұнайдың 8%-ы Ресейден әкелінеді.

Украина Ұлыбританияны ресейлік мұнайдан толығымен бас тартуға шақырды

Украина Ұлыбританияны ресейлік мұнайдан толығымен бас тартуға шақырды, деп хабарлайды inbusiness.kz The Telegraph басылымына сілтеме жасап.

"Ресей мұнайының бірде бір тамшысы Ұлыбританияға әкелінбеуі керек, британиялық компаниялар олармен сауда жасамауын қамтамасыз ету қажет", – деді Украина президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі кеңесшісі Олег Устенко.

Ұлыбританияға тасымалданатын мұнайдың 8%-ы Ресейден әкелінеді. Олардың басым бөлігі – өңделген мұнай өнімдері, дизель отыны және реактивті отын.

Наурыз айында Біріккен Корольдіктің бизнес, энергетика және өнеркәсіптік стратегия министрі Квази Квартенг Ұлыбритания 2022 жылдың соңына дейін Ресей мұнайы мен мұнай өнімдерінің импортынан біртіндеп бас тартуды жоспарлап отырғанын айтты.

Оның сөзінше, осы уақыт аралығында жергілікті компаниялар мен жеткізушілер басқа импорттаушыларды таба алады.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу