Украина Жоғарғы сотының басшысы пара алған кезде ұсталды

519

Украина Жоғарғы Сотының төрағасы Всеволод Князев пара алған жерінде қауіпсіздік күштерімен ұсталды.  

Украина Жоғарғы сотының басшысы пара алған кезде ұсталды Фото: vesti.ua

Бұл туралы "Украинская правда" басылымы құқық қорғау органдарындағы дереккөздерге сілтеме жасап хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz.

Қауіпсіздік қызметкерлері Князевтің шамамен 3 миллион доллар көлемінде пара алғанын тіркеген.

Украинаның Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюросы (ҰСЖҚБ) қызметкерлері, сондай-ақ мамандандырылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы прокуратура "Жоғарғы Сотта ауқымды сыбайлас жемқорлықты, атап айтқанда Жоғарғы соттың басшылығы мен судьяларының заңсыз пайда табу жүйесін әшкерелегенін" хабарлады. Алайда Жоғарғы Сот Төрағасының ұсталғаны туралы хабарланбайды.

Князев Украинаның Жоғарғы сотын 2021 жылдың желтоқсанынан бастап басқарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу