Украина зымыран қозғалтқышын жеткізді деген айыпты мойындамай отыр

896

Украина зымыран қозғалтқышын жеткізді деген айыпты мойындамай отыр

Украина баллистикалық зымыран Солтүстік Корея Украина билігі Солтүстік Кореяға зымыран қозғалтқышын жеткізді деген айыпты мойындамай отыр, деп хабарлайды 24.kz.

Мұндай дау "Нью-Йорк Таймс" газетінде жарияланған деректерден кейін басталды. Басылымда ресми Пхеньян украиналық "Южмаш" кәсіпорнынан баллистикалық зымыранға арналған қозғалтқыштарды сатып алды деген мақала жарық көрген. "Южмаш" өкілдері де тағылған айыпты жоққа шығарды.

"Бұл жазылғандардың жалған екендігіне кепілдік бере аламын. "Южмаш" ешқашан зымыран шығарған емес және қазір де шығарып жатқан жоқ", - дейді "Южмаш" кәсіпорны директорының орынбасары Олег Лебедев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу