Украинада 25 жыл бойы бұғы аулауға тыйым салынбақшы

951

Украинада 25 жыл бойы бұғы аулауға тыйым салынбақшы

Украинаның экология министрі алдағы 25 жыл бойы бұғы аулауға тыйым салатын мораторийға қол қойды, деп хабарлайды 24Хабар.

Тиісті заң әділет министрлігінің қолдауын тапса, күшіне енеді. Алайда нақты шешім шыққанға дейін ғалымдар мен аңшылар арасында түсініспеушілік өршіп барады.

Қаңтар айының соңында Украина ормандарының бірінде жан түршігерлік жағдай болды. Браконьерлер бұғылардың отарын аяусыз атқылаған. Осы оқиғадан кейін ғалымдар дабыл қағып, үкіметке жабайы жануарды қызыл кітапқа енгізіп немесе 25 жылға дейін аңшылыққа мораторий енгізу туралы талап қойды. Өйткені тәуелсіздік жылдары бұландардың көбеюі күрт кеміп, 3 есеге азайған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу