Украинада Айдос Садықовқа қастандық жасады деген күдіктінің бірі өз еркімен берілді

214

Бас прокуратура "Бәсе" арнасының авторы Айдос Садықовқа Киевта жасалған қастандық ісі бойынша күдіктілердің бірі ұсталғанын хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Украинада Айдос Садықовқа қастандық жасады деген күдіктінің бірі өз еркімен берілді Фото: ukranews.com

Кеше, 21 маусымда Алтай Жақанбаев Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарына өзі хабарласып, одан істің мән-жайы бойынша жауап алынған. Артынша ұсталған.

"Бас прокуратура Украинаның құзіретті органдарына Жақанбаев пен Қаратаевтың жасалған қылмысқа қатыстылығы туралы қылмыстық істің материалдарын беру туралы халықаралық тергеу тапсырмасын жолдады", – делінген хабарламада.

Тағы бір күдікті Мейрам Қаратаев іздестіріліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу