Украинада барлық шара мемлекеттік тілде өтеді

860

Бүгіннен бастап мемлекеттік тіл туралы заңға енгізілген нормалар күшіне енді. 

Украинада барлық шара мемлекеттік тілде өтеді

Украиндар мемлекеттік тіл мәртебесін көтеріп жатыр. Енді бұл жақтағы барлық шаралар украин тілінде өтеді, деп хабарлайды Аtameken Business. Құжатқа сәйкес, кино өндіріс жаппай украиан тіліне көшеді. Телеарналарда шетелдік фильмдер аудармасымен қоса жүреді. Заңды бұзғандар айыппұл төлейді. Президенттен бастап, прокурор, судья, құқық қорғау органында қызмет атқаратындар, білім беру саласын басқаратындардың барлығы және Украина азаматтығын иеленгісі келетіндер тілді білу деңгейін анықтайтын емтихан тапсырады. Ұлттық комиссия тест алады, жазбаша тапсырма береді және сұхбат ұйымдастырады. Сынақтан сүрінбегендерге сертификат беріледі. Оның жарамдылық мерзімі – шексіз.   Кейін басқа салаларда жұмыс істейтіндер де тілдік білімін растайтын құжат иеленуі тиіс.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу