Украинада министрліктер саны азаяды

471

Сондай-ақ министрліктер мен басқа да орталық атқарушы органдардың штаттық шекті санын қысқарту жоспарлануда.   

Украинада министрліктер саны азаяды Фото: wikipedia.org

Украина президенті Владимир Зеленский мен Министрлер Кабинетінің басшылығы 8 қарашада Үкіметтің жаңа құрылымын талқыға салып, қазіргі 20 Министрліктің орнына 14 министрлік қалдыруды жоспарлады, деп хабарлайды inbusiness.kz ТАСС сілтемесімен.

Үкіметтің жаңа құрылымында Қауымдастықтар мен аумақтарды дамыту министрлігі, Инфрақұрылым министрлігі және Уақытша басып алынған аумақтарды реинтеграциялау министрлігі Инфрақұрылым мен аумақтарды дамыту министрлігіне біріктірілетіні атап өтілді. Мәдениет және ақпараттық саясат министрлігі мен Еуропалық және еуроатлантикалық интеграция министрлігі Еуроинтеграция, мәдениет және ақпараттық саясат министрлігіне біріктіріледі. 

Экономика министрлігі, Стратегиялық Өнеркәсіп министрлігі (ішінара) және Аграрлық саясат және азық-түлік министрлігі Экономикалық даму министрлігіне біріктіріледі. Цифрлық трансформация министрлігі, Мемлекеттік қызметтің ұлттық агенттігі мен Өнеркәсіптің стратегиялық салалары мәселелері жөніндегі министрлік (ішінара) Цифрлық трансформация министрлігіне біріктіреді. Ардагерлер істері министрлігі мен Әлеуметтік саясат министрлігі Ардагерлер істері және әлеуметтік саясат министрлігіне біріктіріледі.

Экология министрлігі атауын Экология және табиғи ресурстар министрлігі деп өзгертеді. Энергетика министрлігі, СІМ, Қаржы министрлігі, Әділет министрлігі, ІІМ, Қорғаныс министрлігі, Білім және ғылым министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі өзгеріссіз қалады.

Құжатта министрліктер мен басқа да орталық атқарушы билік органдарының шекті санын қысқарту көзделген, тіпті, кейбір жағдайларда екі есе қысқарту көзделген. Атап айтқанда, министрліктердің орталық аппараттарында қызметкерлер санын 9,2 мыңнан 2,8 мыңға дейін, министрліктердің аумақтық органдарында - 17 мыңнан 7 мыңға дейін, басқа органдардың орталық аппараттарында - 13 мыңнан 4,3 мыңға дейін қысқарту жоспарлануда. 

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу