Украинада соғыс жүріп жатқанда НАТО-ға кіруі мүмкін емес - НАТО

355

Алайда Украинаның соғыс барысында НАТО-ға жақындығы артқан.

Украинада соғыс жүріп жатқанда НАТО-ға кіруі мүмкін емес - НАТО Фото: google.com

НАТО-ның Бас хатшысы Йенс Столтенберг қақтығыс кезінде Украинаның Солтүстік Атлантикалық альянсқа кіруі қарастырылмайтынын айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Соғыс кезінде Украинаның НАТО-ға кіруі мүмкін емес", - деді ол Брюссельде "Герман Маршалл қоры" америкалық талдау орталығы ұйымдастырған форумда сөйлеген сөзінде.

Соғыс Украинаның НАТО-ға мүшелігіне ықпал ете ме деген сұраққа Столтенберг: "Иә деп те, жоқ деп те түбегейлі айиа алмаймын. Менің ойымша, Украинада соғыс жүріп жатқанда, оны НАТО-ға қабылдау біздің күн тәртібіміздегі мәселе емес екенін бәрі түсінеді. Бастысы соғыстың тезірек аяқталуы".

Ол соғыс Украинаны НАТО-ға жақындатқанын атап өтті: "біз ұшқыштарды оқытуды бастағанда, олар НАТО-ның жабдықтарын көбірек пайдаланады, әрине, бұл бізді жақындастырады. Мұндай қарым-қатынас, әсіресе, әртүрлі жүйелерді басқару туралы сөз болғанда маңызды. Осы тұрғыдан алғанда, Вильнюс саммиті үлкен маңызға ие. Украина Кеңестік жүйеден НАТО жүйесіне ауысады. Бұл көпжылдық бағдарламаны қабылдауды талап етеді".

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу