Украинада ұрланған ауыл шаруашылығы техникасы Шешенстаннан табылды

726

Олардың қолды болғаны туралы наурыз айының соңында Агротек-Инвест компаниясының баспасөз қызметі хабарлап еді.

Украинада ұрланған ауыл шаруашылығы техникасы Шешенстаннан табылды

Украинаның Мелитополь қаласынан ұрланған бағасы 1,5 миллион еуро тұратын ауыл шаруашылығы техникасы Шешенстан астанасы Грозный қаласының маңындағы Закан-юрт ауылынан табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz "Новое время" басылымына сілтеме жасап.

"Кадыровтың әскерилері Украинадағы америкалық John Deere компаниясының ресми дилерінің, яғни Агротек-Инвест компаниясының көрме алаңынан үш жаңа комбайн, трактор және үш сепкішті, 20 тонна фирмалық майды ұрлап әкетті", – деп жазылған хабарламада.

"Новое время" басылымының дерегінше, бірқатар шешенстандық шенеунік осы ауылдың тумасы екен. Мысалы, үкімет басшысы Мүслим Хучиев пен оның інісі Тамерлан Хучиев дүниеге келген. Мүслим Хучиев Ахмат Қадыров қорының атқарушы директоры болып қызмет етуде. Бұл қор Украинада "гуманитарлық миссияны" жүзеге асырумен айналысады.

Техниканың ұрланғаны туралы наурыз айының соңында Агротек-Инвест компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. 

Компания өкілдерінің айтуынша, John Deere өз техникасын Ресейге жеткізуден бас тартқандықтан, Қадыровтың әскерилері оны ұрлап әкеткен көрінеді.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу