Украинадағы 23 мың студент қазақстандық жоғары оқу орындарына ауысуға өтініш білдірген

547

23 мың студент Украинадан Қазақстанның жоғары оқу орындарына ауысқысы келеді. 

Украинадағы 23 мың студент қазақстандық жоғары оқу орындарына ауысуға өтініш білдірген Фото: антиплагиат,рф

Өтініштердің көптеп түсіп жатқаны жайлы ҚР ғылым және жоғары білім министрі айтып берді. Саясат Нұрбек Шығыс Қазақстан университетінің оқытушыларымен кездесуде мәселе Үндістан мен Пәкістаннан келген жастарға қатысты екенін мәлімдеді.

"Қазір Үндістан мен Пәкістаннан келген 23 мың студент біздің шешімізді күтіп отыр. Украинаның медициналық университеттерінде оқыған студенттер бәрімізге белгілі себептермен сол жерде қала алмайды. Ал енді біз не істерімізді білмей отырмыз", - деді министр.

Ресейлік жоғары оқу орындарының шетелдік студенттерінен осындай өтініштер келіп түскен. Сонымен қатар, Қазақстанда осы медициналық университеттердің профессорлары да сабақ беруге ниет білдірді, деді министр. Өкінішке орай, соңғы жылдары елімізде жаңа академиялық хабтар құрылмаған, соңғы рет елеулі өзгерістер өткен ғасырдың 70-жылдарында енгізілді, - деп есептейді Нұрбек.

"Біз академиялық инфрақұрылым туралы байыпты ойлауымыз керек. Біз сонша адамды қабылдай аламыз ба?", - деді Саясат Нұрбек.

Министр тығырықтан шығудың амалы тек университеттер ғимараттарының кеңейту ғана емес, сонымен қатар цифрлық жоғары оқу орындарына бет бұру деп есептейді. Саясат Нұрбектің айтуынша, мұндай оқу орындарының үлгілері әзірленуде.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу